Түркиядағы Босфор бұғазында минаға ұқсас нысан залалсыздандырылды

Түркиядағы Босфор бұғазында минаға ұқсас нысан залалсыздандырылды
Aнадолы

Түркияның Қорғаныс министрлігі сенбі күні Босфор бұғазында минаға ұқсайтын нысанды тауып, залалсыздандырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті Aнадолы агенттігі.

Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады. «Босфор бұғазында табылған минаға ұқсас нысанды су астынан қорғаныс топтары бақылауға алды. Оны залалсыздандыру үшін әрекет жасалды», – делінген. Жағалау қауіпсіздік бас басқармасы қауіпсіздік мақсатында Босфор бұғазының екі бағыттағы көлік қозғалысын жапқан.