АҚШ-тың кейбір мектептерінде маска тағу қайтадан міндеттелді

АҚШ-тың кейбір мектептерінде маска тағу қайтадан міндеттелді

АҚШ-тың кейбір мектептерінде маска тағу қайтадан міндеттеле бастады.

Мәселен, Чикагодағы алты білім беру ордасының әкімшілігі эпидахуал түзелгенше осындай шектеу қоюға тура келді дейді.

Айтуларынша, соңғы аптада ковидті жұқтырған оқушылардың саны едәуір артып, сала мамандарының алаңдаушылығын туғызды. Сонымен қатар кейбір батыс және орталық штаттардың басшылығы бетперде тағуды ерікті етіп қалдыруды жөн көрді. Ал елдің Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы болса, ауырғандардың жалпы саны былтырғымен салыстырғандай айтарлықтай төмен және алаңдауға негіз жоқ мәлімдеді.

Орталық мамандарының айтуынша, омикронның жаңа түрі (B.2) бұрыңғыға қарағанда анау айтқандай қауіпті емес.  

Джон Линч, ата-ана кеңесінің мүшесі:

- Біздің мектептің оқушылары өзге оқу орындарымен салыстырғанда ковид сынамаларын жиі тасырып тұрады. Соған қарамастан індетті жұқтырғандар анықталды, және мектеп әкімшілігі тез арада шешім қабылдап маска тағуды күшіне енгізді. Және бұл дұрыс шешім деп есептеймін. Себебі ковидпен ауырған бір бала қаншама өзге баламен қол алысып, байланысқа түседі.