Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөз Түркияда өтеді  

Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөз 29-30 наурыз күндері өтетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жолы тараптар бетпе-бет жүздеседі деп келісті. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Владимир МедИнский өзінің Telegram-каналында хабарлады. Украина делегациясын бастаған Давид Арахамия әлеуметтік желіде шараның Түркияда өтетінін мәлім етті. Айта кетейік , бұған дейін Түркияда Ресей мен Украинаның сыртқы істер министрлері кездескен болаты.

Владимир Зеленский Украина президенті:

– Алда кезекті келіссөз өтеді. Біз бейбіт өмірді қалаймыз. Украинаның егемендігі мен жер тұтастығына еш күмән жоқ. Мемелекетіміз үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кепілдік керек. Біздің мақсатымыз айқын. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнағанын көздейміз.  

Еске сала кетейік, екі ел арасындағы алғашқы келіссөз ақпанның 28-і Беларусь аймағында өткен болатын. Шара 5 сағатқа созылған. Кейін тағы екі рет өткен келіссіөз онлайн форматта ұйымдастырылды.