В.Зеленский Ресей БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

Владимир Зеленский қарулы қақтығыс басталғалы Ресейдің тәуелсіз БАҚ өкілдеріне алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Украина президенті 1 жарым сағат бойы онлайн түрде «Медуза» ақпарат агенттігі,  «Дождь» теларнасының бас редакторлары Иван Колпаков және  Тихон Дзядкомен, сонымен қатар тілші әрі жазушы Михаил Зыгарь мен «Коммерсант» газетінің арнайы журналисі Владимир Соловьевпен және «Новая газета» бас редакторымен сұхбаттасты. Шарада тілшілер келіссөз талаптары жайында сөз қозғады.

Айта кетейік, аталған бұқаралық ақпарат құралдарының кейбіреулері Ресейде ресми түрде шетелдік агент болып танылған.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Біріншіден қарусыздандыру және нацизмнен бас тарту керек деген шартты біз мүлдем талқыламаймыз. Тіпті бір үстел басына да отырмаймыз. Қарусыздандыру және нацизмнен бас тарту дегенді түсінбеймін. Мен келіссөздерге қарсы емеспін. Бастысы нәтиже болса деймін. Бізде ядролық қару жоқ. Қаласақ та жоқ. Орыс тілі мәселесіне тоқталсақ. Соғыс жалғаса берсе, тұрғындардың орыс тіліне деген көзқарасы өзгеретіні белгілі. Халық оны қаламайтын болады. Орыс тілінде оқып, сөйлеп, кино көруден бас тарта бастайды. Ал қауіпсіздік пен бейтарап және ядросыз статус мәселесі бойынша бұл біз үшін ең маңызды шарт болып табылады.