Шанхайда тағы локдаун: жұрт жаппай дүкенге ұмтылды

Шанхайда тағы локдаун: жұрт жаппай дүкенге ұмтылды
РБК

Қытайда Шанхай қаласының тұрғындары жаппай азық-түлік сатып алуға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан дүкендерде ұзын-сонар кезек пайда болды. Халықтың бұлай дүрлігуіне биліктің коронавируспен күрес шаралары себеп. Бүгіннен бастап қаланың карантин жарияланған аудандарында тұрындарға үйден шығуға тыйым салынады. Компаниялар уақытша жабылады немесе қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшіреді. Билік өкілдері тұрғындарға азық-түлік үйге дейін жеткізілетінін айтады.

Айта кетейік, кеше Шанхайда коронавирус жұқтырудың 3 жарым мың дерегі расталды.