БҰҰ Украинада гуманитарлық бітімге келу мәселесін қарастыруда

БҰҰ Украинада гуманитарлық бітімге келу мәселесін қарастыруда

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинада гуманитарлық бітімге қол жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тараптар аталған мәселе бойынша тіл табысады деп сенетінін мәлімдеді. Гутерриш атысты дереу тоқтатуды талап етті. Айтуынша, кез келген келісім БҰҰ-ның жарғысына сәйкес келуі керек.    

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

Украинада гуманитарлық келісімге келу жолдарын қарастыруды тапсырдым. Бүгінде Украинада біздің ұйымның мыңнан астам қызметкері жұмыс істеп жатыр. Олар қазір 8 гуманитарлық орталықта жүр. Қақтығысты тез арада тоқтатып, бейбіт бітім жасалуы керек.