G7 елдері Ресей газын рубльге алудан бас тартты

«Үлкен жетілік» мемлекеттері Мәскеу талап еткендей, Ресей газы мен мұнайы үшін рубльмен есептесуден бас тартты.

Бұл туралы Германияның вице-канцлері Роберт Хабек мәлімдеді. Жеті ел өкілдері рубльмен төлем жасау талабы газға қатысты келісім-шарттарға қайшы келеді деген пікірге тоқтаған. Мұндай шешім Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және АҚШ-тың Энергетика министрлерінің төтенше кеңесінде қабылданды.