Мариупольде 170 мың бейбіт тұрғын қалып отыр

Мариупольде 170 мың бейбіт тұрғын қалып отыр

Украинаның Мариуполь қаласы гуманитарлық апат алдында тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік осылай деп отыр. Ресей әскерилерінің шаһарды қоршауға алғанына бір айға жуықтады. Қала басшысы Вадим Бойченконың айтуынша, қазір мұнда 170 мыңдай бейбіт тұрғын қалып отыр. 300 мыңдайы басқа жаққа кетіп қалған. Қарулы қақтығыс кезінде қалада 5 мыңдай адам көз жұмған. Солардың шамамен 210-ы балалар. Жергілікті инфрақұрылым нысандарының 90 проценті бүлінген. 3 аурухана толығымен жойылды. Айта кеткен жөн, Владимир Зеленский украиналық жауынгерлердің орын ауыстыруына қатысты деректерді жария етуге тиым салатын заңға қол қойды. Оны бұзғандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.