Еуропа елдерінде коронавирус өршіп барады

Әсіресе Ұлыбритания, Германия мен Францияда науқастар саны күрт артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біріккен Корольдіктің Денсаулық министрлігінің мәліметі бойынша соңғы аптада елде жарты миллионнан астам адам ковид жұқтырған. Өкінішке қарай, ересектер арасындағы өлім-жітім 30 процентке жуықтады. Германиядағы Роберт Кох институты бір күнде науқастар қатары 20 мыңнан асқанын хабарлады. Ал Франияда коронавирустен 150 тұрғын көз жұмған.