Жапонияның Ресейге қарсы санкциялар тізімі ұлғаяды

Жапонияның Ресейге қарсы санкциялар тізімі ұлғаяды

Ресейге салынып жатқан санкциялардың ауқымы тағы да кеңейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапония бұл елге 20-дан астам тауар түрін тасымалдауға тиым салды. Олардың қатарында люкс санатындағы көліктер, зергерлік бұйымдар, тіпті өнер туындылары бар. Бұдан бөлек, қымбат ішімдік пен бағалы опа-далап та енді Ресейдегі дүкен сөрелерінде азая түседі. Шектеу 5 сәуірден бастап күшіне енеді. Еске салайық, бұған дейін Жапон билігі жеке тұлғаларға да санкция салған еді.