АҚШ-та дауыл соғып, тасқын жүрді

АҚШ-та дауыл соғып, тасқын жүрді

АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния штатында дүлей дауыл нөсер жаңбыр әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Cалдарынан Лос-Анджелес өзені тасып, соңы алапат тасқынға ұласты. Көшелер суға толып, көлік қозғалысы тоқтап қалған. "Associated Press" агенттігі итті тасқын ағызып әкетіп, оны ер адамның құтқаруға талпынған сәтті бейнетаспаға түсіріп алып, жариялады. Салпаңқұлақты құтқару операциясы 2 сағатқа созылған. Синоптиктер болжамы бойынша, аймақтағы қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн жалғасады.