Ресей әскері Украина қалаларын әлі бомбалап жатыр

Түні бойы ел астанасы Киев пен солтүстіктегі Чернигов және Нежин қалаларына соққы жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы президент Владимир Зеленский мен Киев мэрі Виталий Кличко мәлімдеді. Украина әскері ел астанасының теріскейіндегі бірнеше ауылды Ресей күштерінен азат етті. Сарбаздар біраз қару-жарақты да қолға түсірген. Естеріңізге сала кетейік, Ресей және Украина делагацияларының Ыстамбұлдағы кездесуінде Кремль тарапы 1әскери белсенділікті азайтамыз1 деген болатын.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Иә, келіссөздер процесі жүріп жатыр. Бірақ сылдыр сөз көп. Ресей әскерін Киев пен Чернигов жақтан әкетті деген де сөз бар. Бірақ Ресей әскерінің Донбасқа жаңа соққылар жасау үшін жиналып жатқанын білеміз. Біз қазір осыған дайындалып жатырмыз.

Рамзан Қадыров, Шешен республикасының басшысы:

– еш шегінбейміз. Мединский мырза сөзден сүрініп, қателік жасап отыр, оның айтқаны дұрысемес. Біздің өз президентіміз, бас қолбасшымыз бар, ол бәрін алдағы жүз жылға дейін жоспарлап қойған. Ол бастаған ісін тастамайды.