Украинадан 4 миллионнан астам адам кетіп қалған

Украинадан 4 миллионнан астам адам кетіп қалған

Қарулы қақтығыс басталғалы Украинадан 4 миллионнан аса адам кетіп қалған.

Бұл туралы БҰҰ өкілдері хабарлады.

Басым бөлігі Польшаға табан тіреген. Мұнда украиналық босқындардың саны 2 жарым миллионға жуықтайды. Көрші Румыния, Молдова, Венгрия мен Словакияға бас сауғалағандар да жетерлік. Еуропаның өзге елдеріне кетіп жатқан украиналықтар бар. Мәселен, өткен айдан бері Германияға 300 мыңнан аса Украина азаматы өткен.