Мариуполь қаласында «тыныштық режимі» жарияланбақ 

Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі бүгін Украинаның Мариуполь қаласында «тыныштық режимін» жариялайтынын мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Режим жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10.00-де күшіне енбек. Ресей Қорғаныс министрлігі Ұлттық бақылау орталығының басшысы Михаил Мизинцевтың айтуынша, бұл гуманитарлық мақсат үшін қолға алынған шара. Тыныштық режимі кезінде жергілікті тұрғындар мен шет ел азаматтарын эвакуациялау үшін қосымша гуманитарлық дәліз іске қосылатын болады. Алайда Михаил Мизинцев ол үшін Украина тарапы алдымен белгілі бір талаптарды орындауға келісім берген жайлы ресми хат жолдауы керек екен айтты.