Әлемдегі ең жас опера әншісі жеті тілде серенада орындайды

Әлемдегі ең жас опера әншісі жеті тілде серенада орындайды
UPI агенттігі

АҚШ-тың жеті жасар тұрғыны Виктория Бринкер әлемдегі ең жас опера әншісі атанды, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Бринкер 2019 жылы Питтсбург қоғамдық театрының «Жарықтар мен аңыздар» шоуында сегіз кәсіби көрініске қатысқаннан кейін жеті жасында рекорд орнатқан. Талантты қыз ерте сөйлеп, екі жасында ән айта бастаған. Екі-үш жасында тұтас компакт-дискілердің сөзін жаттаған. Ол операға 6 жасқа толар алдында, анасы оны өнердің осы түрімен таныстырған. Бринкер Гиннестің рекордтар кітабы бойынша итальяндық телешоу Lo Show Dei Record-қа шақырылды және шоу барысында оған оның жетістігін растайтын сертификат табыс етілді. Викторияның диапазоны қазіргі уақытта үш октава және ол жеті тілде серенаданы орындай алады.