Шанхай омикронмен күресіп жатыр

Шанхай омикронмен күресіп жатыр

Шанхайда Хуанпу өзенінің шығыс бөлігіндегі халықты жаппай тестілеу аяқталып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аумақтағы 9 миллион тұрғынның кейбірі анализді 2 рет тапсырып жатыр. Ертең дарияның батыс бөлігінде тұратын адамдарды тексеру басталады. Бұл ауданда 16 миллионға жуық адам тұрады. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша шаһардағы эпиджағдай күрделі. Соңғы 2 күн бойы тәулігіне 6 мыңдай науқас тіркелген, көбінің ауруы симптомсыз.  Омикрон штамын жұқтырушылар күрт көбейіп, медицина қызметкерлері жетіспей жатыр. Аурудың жеңіл түріне шалдыққан тұрғындарды емдеу үшін Көрме орталығында уақытша аурухана ашылды. Сондай-ақ қалаға көрші аймақтардан азық-түлік шұғыл жеткізіліп жатыр.