Шри-Ланкада ереуілге байланысты ТЖ режимі енгізілді

Шри-Ланкада ереуілге байланысты ТЖ режимі енгізілді

Шри-Ланкада төтенше жағдай тәртібі енгзілілді. Оған толастамай тұрған наразылық акциялары себеп.

Елдегі күрделі экономикалық жағдайға көңілі толмаған жұрт президенттің отставкасын талап еткен.

Ереуілдер соңы тәртіпсіздікке ұласып, ондаған адам жарақат алды. Қамауға алынғандары да жетерлік. Сөйтіп, елде коменданттық сағат енгізілді. Тұрғындарға түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін тысқа шығуға тыйым салынады.

Айта кеткен жөн, соңғы кезде Шри-Ланкада шетелдік валюта тапшылығына байланысты сырттан отын импортталмай жатыр. Соның салдарынан электр энергиясын жаппай өшіру деректері жиілеп кеткен. Телефон байланысы да нашар жұмыс істеп тұр. Шетелдік валюта мен отыннан бөлек аралдық мемлекетте азық-түлік пен дәрі-дәрмек те тапшы. Маңызды препараттар жетіспегесін кейбір ауруханалар жоспарлы операцияларды өткізбей жатыр.