Ford компаниясы 737 мыңнан астам көлікті кері қайтарады

Американдық Форд компаниясы 737 мыңнан аса көлігін кері қайтарады.

Өйткені оларда майдың ағуы және электронды тежегіш жүйесіне қатысты қиындықтар туындаған.

Бұл 2020, 2021 және 2022 жылдары шығарылған темір тұлпарлардың кейбір модельдеріне қатысты.

Мамандардың түсіндіруінше, май қозғалтқыш бөлшектеріне түсіп, өрт қаупі туындауы мүмкін. Ал бағдарламалық жасақтамадағы ақау тежегіштің жұмысына әсер етіп, бұл жол апатына әкеп соқтыруы ықтимал. Осы Форд компанияы келесі аптадан бастап Мичигандағы зауытында Мустанг автокөліктерінің өндірісін уақытша тоқтатын болды. Бұған ақаулардың еш қатысы жоқ. Компания өкілдері өндіріске қажетті жартылай өткізгіштер жетіспей жатқанын айтады.