Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатындағы су тасқыны әлі де толастар емес.

Табиғат апатынан соңғы бірнеше күнде 16 адам мерт болды. Тасқыннан әсіресе Рио-де-Жанейро мен Анградус-Рейс қаласы қатты зардап шеккен. Қазір тұрғындар жарықсыз, сусыз отыр. Ал көшеде лай көшкіні жүрген. Анградус-Рейс мэрі аймақтағы атом электр станциясын жабу туралы шешім қабылдады. Өйткені құтқарушылар ондағы қауіпсіздікті сақтау қиынға соғып тұрғанын айтады. Қазір бұл өңірлерге апаратын жолдар жабық. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.

Айтуынша, жақын арада жауынның тоқтайтын түрі жоқ.