Эквадорда түрмедегі бүліктен 12 адам қаза тапты

Эквадорда түрмедегі бүліктен 12 адам қаза тапты

Эквадордың Куэнка қаласындағы түрмеде бүлік шығып, 12 жазасын өтеуші ажал құшты.

Қашып шыққандар туралы ақпарат жоқ. Үкімет қарсылас қылмыстық топтардың арасында қақтығыс болған дейді. Құрбандардың аты-жөні әлі жарияланған жоқ. Туған-туыстары хабар күтіп, тәулік бойы түрме маңында жүр. Еңбекпен түзеу колониясының ғимараты қатаң бақылауға алынған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Эквадор түрмелерінде бүлік жиі болады. Көбіне есірткі сататын топтар өзара қырқысады. Былтыр есірткі қылмысынан 316 адам көз жұмған.

Патрисио Каррилло, Эквадор ішкі істер министрі:

- Өкінішке орай, түрмеде бүлік шыққан соң, жағдайды бақылауға алу, толық тәртіп орнату қиынға соғады, сондықтан бұл іс ұзаққа созылады. Жазасын өтеп жатқандар заң талабына бағынуға тиіс, олар басқалардың құқығы мен бостандығын сыйлап үйренуі керек.