Британияда зейнеткерлер 900 мың теңгеге жуық зейнетақы алады

Біздегі зейнеткерлердің бет-бейнесі қандай? Алпысты ақымдаған, немере бағып отырған, дені балдаққа сүйенген, денсаулығы біршама сыр берген адамдар. Біз бәрі осындай деп отырғанымыз жоқ. Алайда осы кісілердің арасында желіп жүріп жер танып, түрлі мемлекеттерге барып саяхаттап, басқа қызығушылық тауып, сонысын ермек қылып отырған кісілер санаулы ғана ғой. Оны мойындауымыз керек шығар?! Көптеген сарапшылар Ұлыбританияның зейнетақы жүйесін мақтап жатады. Неге екенін қазір сол елдегі әріптесімізден сұрап білсек.

- Естуімше, тұманды Альбионда зейнетақының бірнеше түрі бар. Солардың әрбіріне жеке-жеке тоқталсаңыз?!

- Ұлыбританиядағы зейнет жасы туралы айтып өтсеңіз?

- Ғалымжан, Ұлыбританиядағы орташа зейнетақы көлемі қандай?

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Ұлыбританияда зейнетақының үш түрі бар: мемлекеттік, еңбек және жеке зейнетақы. Мемлекеттік зейнетақы - бұл жалақыдан және әлеуметтік жәрдемақылардан ұсталып, Ұлттық сақтандыруға аударылатын жарна есебінен төленеді. Зейнетақының екінші түрі - еңбек зейнетақысы. Оны жұмыс беруші аударып отырады және қызметкер жалақысының 8 процентін құрайды. 5 процентін жұмысшының өзі төлесе, 3 процентін жұмыс беруші төлейді. Зейнетақының үшінші түрі ол - жеке зейнетақы. Бұл жеке кәсіпкер немесе фрилансер болып еңбек ететіндерге арналған. Жеке зейнетақы еңбек зейнетақысына ұқсас, бірақ жеке кәсіпкер жарнаны өзі аударып отырады.

- Ұлыбританиядағы зейнет жасы туралы айтып өтсеңіз?

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Ұлыбританиядағы зейнет жасы ерлерге де, әйелдерге бірдей - 66 жас. Ұлыбританияда орта есеппен ерлер 79 жасқа дейін, әйелдер 83 жасқа дейін өмір сүреді. Бұл өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Сондықтан алдағы уақытта үкімет зейнет жасын одан да жоғары көтермекші. Ия, Ұлыбритания халқы қартайып жатыр. Бұған бірінші кезекте өмір сүру деңгейінің жоғары болуы және бала туу санының кемуі себеп. Соңғы халық санағына сәйкес Ұлыбритания халқының 19 проценті 65 жастан асқан адамдар екендігі анықталған. Алдын ала жазып алған маманның пікірін тыңдауға шақырамын. 

Чарльз Келли, қаржылық кеңесші:

- Қазір зейнет демалысына ресми түрде 66 жаста шығады. Ол кейін 67-68, тіпті 70 жасқа да жетуі мүмкін. Бұрын әйелдер бейнеттің зейнетін 60 жаста көретін. Зейнет жасының өсуіне наразы нәзік жандылар ереуілдерге де шықты, соттасты да бірақ жеңіліс тапты. Бұл әлі де халықтың ашу-ызасын туғызып отырған мәселе.

- Ұлыбританиядағы орташа зейнетақы көлемі қандай?

Мұнда зейнеткерлер орта есеппен айына ұлттық валютамызға шаққанда 900 мың теңге көлемінде алады. Зейнетақысын өзінің ұрпағына мұра етіп қалдыру мүмкіндігі де бар.