470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҰҰ әлемдегі энергетикалық дағдарысқа алаңдаулы

  • 168
  • UPD: 19:59, 07.04.2022
БҰҰ әлемдегі энергетикалық дағдарысқа алаңдаулы

Украинадағы әскери іс-қимыл салдарынан қазір әлемнің көп елінде энергетикалық дағдарыс өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте БҰҰ баламалы энергия көздеріне көшуді тездетуге шақырып отыр.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Әлемнің 74 дамушы елі энергия, азық-түлік пен тыңайтқыш бағаларының шарықтауынан қатты зардап шегуі мүмкін. Тек соңғы бір айда бидай, жүгері мен арпа құны 20 процентке өсті. Мұнай бағасы да өткен жылмен салыстырғанда 60 процентке жоғары. Бір жыл ішінде табиғи газ бен тыңайтқыш құны екі есе қымбаттады. Айтылғанның бәрін ескере отырып, халықаралық қаржы институттары төтенше жағдай тәртібіне көшуі тиіс деп ойлаймыз.

Қазір отын тапшылығы Шри-Ланкада қатты байқалады. Грек тұрғындары жанармай сән-салтанат тауарына айналғанын айтады. Перуде отын мен тыңайтқыш құны шарықтап кеткен. Сол себепті билік ауыл шаруашылығы саласында төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болған.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева

Хабар 24 телеарнасы