Көмірді шектеу салдарынан Ресей жылына төрт млрд еуродан қағылуы мүмкін

Еуропалық Одақ өкілдері ресейлік көмірге эмбарго салу жағын да қарастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол шешім шілдеде күшіне енеді делінген еді. Алайда соңғы келіп түскен мәлімет бойынша шектеу шарасы тамыздың ортасында енгізіледі. Көмір эмбаргосы туралы шешімді кейінге қалдыру Германияның бастамасы болған. Неміс мемлекеті биыл күзде Ресейден келетін отынның бұл түрінен толығымен бас тартуға ниетті. Орнына оны АҚШ, Оңтүстік Африка Республикасы, Австралия, Колумбия секілді елдерден жеткізу жоспарланып отыр. Ұлыритания билігі де осындай шешім қабылдауға ниетті. Жалпы көмір эмбаргосы салдарынан Ресей жылына 4 миллиард еуродан қағылуы мүмкін.  

Урсула фон Дер Ляйен, еуропалық комиссия басшысы:

Бұл Ресейге қарсы соңғы санкция емес. Бұған дейін айтқанымдай, біз көмірді импорттауға тыйым саламыз, сосын мұнайға қатысты да осындай шектеу қоюға ниеттіміз. Осылайша Ресейді табысынан айыруға болады.