ЕО Ресей кемелерін өз аумағына кіргізбейді

ЕО Ресей кемелерін өз аумағына кіргізбейді

ЕО-ға мүше 27 елдің өкілдері Ресей көмірін әкелуге және ресейлік кемелерді «кәрі құрлық» айлақтарына кіргізуге эмбарго енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы аталған ұйым Кеңесінің ресми мәлімдемесінде айтылған. Бұл шектеулер бесінші рет салынған санкциялар аясында қабылданды. Сондай-ақ бірнеше банктің активтері бұғатталып, Ресейге жоғары технологиялы тауарларды экспорттауға тыйым салынды. Бірқатар ресейлік бизнесмен, әскерилер мен журналистер «қара тізімге» ілікті.