Пуэрто-Рикода миллионнан астам тұрғын жарықсыз қалды

Пуэрто-Рикода миллионнан астам тұрғын жарықсыз қалды

Пуэрто-Рикода миллионнан астам тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі елдегі ең басты электр станциясынан өрт шыққан. Үкімет ғимараттары мен мектептердің жұмысы тоқтады. Сондай-ақ 160 мың адам сусыз отыр. Көшелердегі көлік қозғалысы да қиындады. Шенеуніктер бұған тиісті инфрақұрылымның ескіруі – басты себеп деп ақталып әлек.