Алжирде газ жарылысынан 10 адам қаза тапты

Алжирде газ жарылысынан 10 адам қаза тапты
Media.az

17 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС агенттгіне сілтеме жасап.

Алжирдің шығысындағы Бордж-Бу-Аррериж қаласында газ жарылысынан 10 адам қаза тапты. Бұл туралы жұма күні Синьхуа агенттігі мәлімдеді.

Мәлім болғандай, жарылыс бейсенбі күні үш қабатты ғимаратта болған. Жеті адам оқиға орнында, тағы үшеуі ауруханада көз жұмған. 17 адам жарақат алған.

Жарылыстың себебін анықтау үшін тергеу басталды.