Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 176 бала қаза тапқан

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 176 бала қаза тауып, 500-дейі жараланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Украина Бас прокуратурасы мәлім етті. Әсіресе, Донецк, Киев және Харьков облыстарындағы жеткіншектер көп жапа шеккен. Кеше Краматорск қаласындағы вокзалды зымыранмен атқылаудан 5 бала көз жұмып, 16-сы жарақат алды.

ОДЕССАДА КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ ЕНГІЗІЛДІ

Краматорскідегі оқиғадан кейін Одессада дүйсенбіге дейін кешкі 9-дан таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат енгізілді. Кеше Краматорск қаласындағы вокзал зымыранмен атқыланып, 52 адам көз жұмды. 100-ге жуығы жараланды.