Колумбияда су тасқынынан құрбан болғандар саны артты      

Колумбияда су тасқынынан құрбан болғандар саны артты      

Колумбияда тасқын салдарынан көз жұмғандар саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік құрбандар қатары әлі де артуы мүмкін деп ескертті. Өйткені тағы бірнеше тұрғын із-түзсіз жоғалған. Қазір оларды әскерилер іздеуге кіріскен. Сондай-ақ табиғи апат құрсауында қалған  Антьокия провинциясының халқы қауіпсіздік жаққа көшіріліп жатыр. Толассыз жауған нөсерден өзендер тасып, жергілікті кен орнын басып қалды. Жер астында жұмыс істеп жатқан кеншілер сыртқа шығып үлгермеген.

Сұмдық жағдайға тап болдық. Үш адамның арасынан мен ғана аман қалдым. Болған оқиғаны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өте ауыр. Адамдар қаза тауып, көбі жоғалып кетті.