Еуроодақ Беларусь жүк көліктерін өткізбейді

Еуроодақ Беларусь жүк көліктерін өткізбейді

Беларусь жүк көліктері осы жетінің ішінде, яғни сәуірдің 16-сына дейін Еуропалық Одақ аумағынан шығып кетуі тиіс.

Еуроодақ Кеңесінің шешімі осындай. Шектеу Одақ аумағынан транзитпен өтетін көліктерге де қолданылады. Тек Еуропалық Одаққа почта қызметтерін көрсетіп, мұнай, газ, медицина, дәрі-дәрмек және ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдайтын компанияларға ғана жеңілдік бар.