АҚШ Сенаты «Ленд-Лиз» бағдарламасын мақұлдады

The Qazaq Times

АҚШ Сенаты Украинаға тез арада қару-жарақ жеткізу бағдарламасына келісім берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл құжат түпнұсқада «Ленд-лиза» деп аталады. Енді аталған заң жобасын Өкілдер палатасы бекітуі тиіс. Құрама Штаттар «Ленд-лиза» бағдарламасын екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрған. Бұл құжат Ақ үйге одақтастарына жалпы құны 50 миллиард доллар тұратын қару-жарақ пен азық-түлік жіберуге мүмкіндік береді. Аталған бағдарлама екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ешқашан қолданылып көрмеген.