Ресей Украинаның шығысында ауқымды операцияларға дайындалып жатыр – В.Зеленский

Ресей Украинаның шығысында ауқымды операцияларға дайындалып жатыр – В.Зеленский

Ресей Украинаның шығысында әскери іс-қимылды күшейтіп, шабуылды үдетпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский кезекті халыққа үндеуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей ауқымды әскери операцияларға дайындалып жатыр. Осыған байланысты Украина барынша қорғанып, халықаралық әріптестермен Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге әрекет етуді жалғастырады.  

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Ресей әскері еліміздің шығысында ауқымды операцияларға көшкелі жатыр. Олар бізді зымырандармен атқылауды күшейтіп, әуе шабуылдарын үдетпек. Бірақ біз оларға жауап беруге дайынбыз.