Австралияда коалаға жойылып кету қауіпі төнді

Австралияда коалаға жойылып кету қауіпі төнді

Себебі орман өрті, құрғақшылық және құрылыстардан соңғы жылдары жасыл құрлықта бұл жануарлардың қарасы 35%-ке азайған,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Австралия билігінің мәлімдеуінше, елдің шығыс жағалауындағы 3 аймақта 2050-ші жылға таман қалталылар толығымен құрып кетуі мүмкін. Үкімет апаттың алдын алу үшін оларды қорғауға 50 миллион доллар бөлген. Бірақ табиғатты қорғаушылар шара жыртқыштарды қорғап қалуға жеткіліксіз деп отыр..