Испанияда мыңнан астам сирек жануар құтқарылды

Испанияда мыңнан астам сирек жануар құтқарылды

Колумбия полициясы браконьерлердің қолында болған мыңнан астам сирек кездесетін жануарды құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыскерлерді ұстау үшін жалпыұлтық арнайы операция өткізілді. Ондаған жылан, тотықұс, тасбақа, кесірткі  ұзақ уақыт бойы тар темір торда ұсталған. Енді олардың өміріне төнген ешқандай қауіп жоқ. Жануарларды емдеумен және оңалтумен еріктілер айналысып жатыр. Полицияның хабарлауынша, қаскөйлер оларды сатып, қыруар пайда таппақ болған. Сарапшылар бұл жануарлардың заңсыз нарықтағы жалпы құны 1 миллион доллардан асады дейді.