АҚШ-та қалың қар жауды

АҚШ-та қалың қар жауды
Хабар 24

АҚШ-тың Орегон штатында күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Метеорология мамандары бұндай құбылыс Портленд қаласында алғаш рет болып отырғанын айтады. Аймақта 1 дюйм қар түсіп, рекорд орнаған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғат апатынан 6 округтегі 55 мың адам жарықсыз қалды. Мектептер жұмысын уақытша тоқтатты. Жергілікті билік бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олардың пайымынша, қар әлі де жаууы мүмкін.