АҚШ кезекті рет Украинаға әскери көмегін жеткізді

АҚШ кезекті рет Украинаға әскери көмегін жеткізді

Соңғы мәлімет бойынша АҚШ билігі Украинаға 750 миллион долларға қару-жарақ жеткізетінін жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Reuters агеттігі хабарлайды. Жалпы қарулы қақтығыс басталғалы америкалықтар ресми Киевке шамамен 2 миллиард доллар бөлген.

МАРИУПОЛЬ МЭРІ 22 МЫҢ ТҰРҒЫННЫҢ КӨЗ ЖҰМҒАНЫН АЙТАДЫ

Мариуполь әкімдігінің өкілдері соғыс басталғалы 22 мың бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады. Шиеленіске дейін мұнда 500 мыңға жуық адам тұрған. Қазір солардың жартысы үйлерін тастап, басқа өңірлерге бас сауғалап кеткен.

Вадим Бойченко, Мариуполь мэрі:

Әр жарты сағат сайын қалаға ұшақтар ұшып келіп, бомба тастап отырды. Көшеде жатқан адамдардың жансыз денелерінің жоғалып кеткенін растайтын дәлелдер жетерлік. Оларды жасыратын арнайы орындар барын білеміз. Біз мұны геноцид және әскери қылмыс деп атаймыз.