ЧЛ: «Манчестер Сити» жартылай финалға шықты

ЧЛ: «Манчестер Сити» жартылай финалға шықты

 

«Манчестер сити» жартылай финалға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Футболдан УЕФА чемпиондар лигасы жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні ширек финалдық қарымта матчтар өтті. Оның аясында «Манчестер сити» мен «Атлетико» Мадрид қаласында өзара мықтыны анықтады. Ойын аса тартысты өтті. Бірақ есеп ашылмады. Қос команда да өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Қорытынды есеп: 0:0.

Айта кетейік, аплғашқы мачта 1:0 есебі тіркелді. Жалғыз голды «Манчестер сити» сапындағы  Кевин Де Брёйне соққан еді. Бельгиялық футболшы осы арқылы өз командасын жартылай финалға алып шықты. Хосеп Гвардиола баптайтын жігіттер енді Реалмен жолығады. Ал, Атетико жарысты осы жерден аяқтайды.

ЧЛ:  «ЛИВЕРПУЛЬ» «БЕНФИКАНЫ» ҰТТЫ

Жартылай фитналдың тағы бір жолдамасы Англиядағы «Энфилд» стадионында сарапқа салынды. Бұнда жергілікті «Ливерпуль» португалиялық Бенфиканы қабылдаған. Есепті алаң иелері ашты. 21-минутта Ибраим Конате мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Матч соңына дейін тағы 5 гол соғылды. Қонақтар сапынан Гонсалу Рамуш, Роман Яремчук және Дарвин Нуньес мергендігімен көзге түсіп, өз командасын алға шығарып отырды. Ал, «Ливерпуль» шабуылшысы  Роберто Фирмино дубльдің авторы атанып, қортынды нәтижені 3:3-ке жеткізді.

Айта кетейік, алғашқы мачта англиялық клуб басым түсті. Сондықтан Юрген Клопп баптайтын жігіттер жарысты жалғастырады. Олар жартылай финалдың соңғы жолдамасына ие болды.

 АСТАНА ШАБАНДОЗЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Астаны шабандозы 2-орында. Италияның таулы-қыратты аумағында велокөпкүндік жалғасып жатыр.  Сицилия турының екінші кезеңінде шабандоздар 152 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде италиялық Дамиано Карузо мәреге бірінші болып жетті. Ол аталған аралықты 3 сағат 45 минут 18 секундта бағындырды. Екінші орында қазақстандық клуб сапындағы Винченцо Нибали. Үздік үштікті тағы бір италиялық спортшы түйіндеді. Бұған қоса, «Астана» қатарындағы Андрей Зейц 12-ші, Валерио Конти 20-шы, ал, Хуан Карлос Лопес 21-ші сатыларға тұрақтады. Жалпы есепте де спортшылардың көрсеткіші осындай. Әсіресе, Винченцо Нибалидің топ басына шығуға мүмкіндігі бар. Сицилия турының жалпы қорытындысы 16 сәуірде белгілі болады.

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҚ БИДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

Спорттық би шеберлері Шымкентте бас қосты. Shymkent Shooting Plaza кешенінде халықаралық турнир өтті. Оған еліміздің түікпір-түкпірінен және көрші Өзбекстаннан 400-ден аса қатысушы жиналды. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы бәсеке 2 бағытта болды. Үміткерлер еуропалық және латынамерикалық бағдарламалар бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде жұптық сында алматылық Егор Чистяков мен Элина Голтуренко жеңімпаз атанды. Ал, еуропалық бағдарламада Ташкенттен келген жұп топ жарды. Жекелей сындарда қызылордалық Даяна Сыздықова, елордалық  Алина Жүгінісова және жергілікті Ярослава Филимоненко  мен Софья Пактар керемет өнер көрсетіп, өз жас деңгейлерінде топ жарды.  Айта кету керек, халықаралық турнир осымен 2-жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр және алдағы уақытта да оны тұрақты өткізу жоспарда бар.

АСТАНА» БАСКЕТБОЛ КЛУБЫ ҚАТАРЫНАН 9-ЖЕҢІЛІСКЕ ҰШЫРАДЫ

Қатарынан 9-жеңіліс. «Астана» баскетбол клубы кезекті рет есе жіберді. Халықаралық ВТБ лигасында өнер көрсететін қазақстандық команда бұл жолы Перьм қаласының Пармасымен жолыққан. Елордада өткен матч 65:82 есебімен аяқталды. «Астана» сапынан Антонио Кэмпбелл 15, Марк Тихоненко 14, ал, Олег Балашов пен  Вадим Щербак, сәйкесінше, 10 және 7 ұпайдан жинап, салыстырмалы түрде тәуір ойнаған. Бірақ жеңілістер сериясын үзуге шамалары жетпеді. Осының нәтижесінде, «Астана» қазір турнир тізмінің ең соңғы сатысында тұр және негізгі чемпионат аяқталғанша көтеріле алмайды. Ал, парма, керісінше, тізімдегі жағдайын жақсартып, алдыңғы бестікке кірді. Елордалық клуб келесі кездесуін сырт алаңда өткізеді. 17 сәуір күні Красноярск қаласында жергілікті Енисей командасымен ойнайды.