АҚШ-та дауылдан ондаған адам зардап шекті

АҚШ-та дауылдан ондаған адам зардап шекті

Техастың орталығында ойран салған дауылдан 23 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 12-сі ауруханада. Бір адам ауыр халде жатыр.  Ақпарат көздерінің хабарлауынша, долы дауыл Техастан бөлек тағы бірнеше штатта мінез көрсеткен. Салдарынан Айова, Небраска, Миннесотада электр желілері үзіліп, ағаштар құлаған. АҚШ-тың дауылдарды болжау орталығының айтуынша, жақын арада табиғат апаты  Миссисипи өзенінің бойы мен тағы бірнеше оңтүстік өңірдегі штаттарда қайталануы мүмкін.