Ресейдің қара теңіздегі әскери кемесінде өрт шықты

Ресейдің қара теңіздегі әскери кемесінде өрт шықты

Ресей қарулы күштерінің Қара теңізде жүрген «Мәскеу» кемесінде өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, от оқ-дәрі тұрған бөліктен тарап, крейсерге едәуір залал келген. Кеме экипажы толық эвакуацияланған. Өрттің себептері анықталып жатыр. Бірақ Одесса облысының әскери әкімшілігінің басшысы Максим Марченко ресейлік кеме Украина күштерінің «Нептун» зымырандарымен атқылаған соң зақымданданғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, «Мәскеу» крейсері Ресейдің Қара теңізі флотындағы басты кеме болатын.