Мексикада АҚШ-пен шекарада жүк көліктерінің кептелісі пайда болды

Мексикада АҚШ-пен шекарада жүк көліктерінің кептелісі пайда болды

Мексиканың Эль-Пасо округінде жүк көліктері АҚШ аумағына кіре алмай ұзын сонар кептеліс пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселеге Техас штаты билігінің көрші елден заңсыз мигранттар және есірткі мен қару-жарақ тасымалымен күресу үшін көліктерді тексеруді күшеютуі – себеп. Салдарынан екі ел шекарасына маңындағы жолдарда тізбектеліп тұрған жүк көліктері көбейген. Мексика билігі шарадан екіжақты сауда орасан зор шығын келтіріп жатқанын айтады.

Біз шекарадан өту үшін кезекке тәңертең ерте келіп тұрған едік. Бірақ содан бері әлі бірде бір көлік орынынан қозғалған жоқ. Мынадай тексеріспен шекарадан бүгін өте алмаспыз.