Әлемдегі дағдарысқа тең көлемде көмек көрсетілмейді – ДДСҰ

Әлемдегі дағдарысқа тең көлемде көмек көрсетілмейді – ДДСҰ

Әлем елдеріне гуманитарлық дағдарыс қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Гебрейесус хабарлады.

Оның айтуынша, жаһанның түкпір-түкпіріндегі сан түрлі дағдарыстарды шешу үшін тиісті шаралар қабылданбайды. Ал, кей өңірлердегі өзекті мәселелерге көңіл де бөлінбейді. Мәселен Украинаға жөнелтілген жәрдемнің аз бөлігі ғана өзге мемлекеттерге көрсетілген дейді. Тедрос Гебрейесус  сөзіне дәлел ретінде Эфиопиядағы Тыграй провинциясын, Йемен, Ауғанстан мен Сирияны келтірді. Айта кетейік, таяуда БҰҰ Йеменді әлемде ең қиын гуманитарлық дағдарыс орын алған ел ретінде таныған. Ал, Ауғанстанда 24 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж деп саналады.