Оңтүстік Кореяда әуе рейстері жанданды 

Азаматтық авиация екі жылға созылған дағдарыстан шыға бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия кезінде рейс саны күрт азайған еді. Айталық, 2020 жылы экипаж 200-ден астам адамға қысқартылған. Ал былтыр ұшқыш саны 30-ға өсті. Әскери қақтығыстарға байланысты ұшу уақыты ұзарды. Мысалы, екі бағыт бойнша әуе кемелері Қазақстанды басып өтетін болды.

Джилберто Лопес Мэйер, әуе компаниясының аға вице-президенті:

– Өткен жылдың тамыз айынан бері Ханойдан Венаға ұшатын ұшақ Ауғанстан арқылы өтпейді. Соңғы кездері Ресейдің әуе кеңістігіне кірмейміз. Сондықтан өткен айдан бастап, Кореядан Еуропаға баратын барлық рейстердің уақыты 90-165 минутқа, ал Еуропадан Кореяға 50-110 минутқа ұзарды. Бұл өте тиімсіз және қымбат. Бірақ бастысы қауіпсіздік.

Дегенмен, азаматтық авиацияны толық қалпына келтіруге карантиндік шектеулер кедергі келтіріп отыр. Тек АҚШ-та биыл ұшақ бортында 889 оқиға болған. Оның 70 проценті маска тағуға қатысты. Қазақстанда бұл ереже сыртта да, үйде де алынып тасталды. Осы ретте, біз авиация сарапшысынан қазақстандық әуе компаниялары жолаушыларға маскасыз ұшуға рұқсат бере ала ма, деген сауал қойған едік.

Тим Коулхэн, халықаралық әуе көлігі қауымдастығы директорының көмекшісі:

– Шын мәнінде, әуе компаниясы жолаушылардан бетперде тағуды талап ете алмайды. Бірақ ол ұшатын мемлекеттердің, сондай-ақ Қазақстан үкіметінің талаптарын орындауы керек болуы мүмкін. Еуропада бұл ережені алып тастаған тасымалдаушылар бар. Өйткені үкімет ел ішінде бетперде тағу талабын алып тастады. Қоғамдық көліктерде, пойыздарда, мейрамханаларда маска тағу ережесі күшін жойды. Сондықтан жолаушылардан да мұны талап етудің қажеті жоқ.

Корея үкіметі де маска тағудан басқа барлық әлеуметтік арақашықтық ережелерін алып тастады. Биыл жазда қалған шектеулер де жойылуы мүмкін. Мәселен, 2 апта бұрын билік көптеген мемлекеттермен визасыз режимді қалпына келтірді. Бұл туризмді дамытуға және әуе рейстерінің санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян