ОАР-да су тасқынынан қаза тапқан адам саны 345-ке жетті

ОАР-да су тасқынынан қаза тапқан адам саны 345-ке жетті

Оңтүстік Африка Республикасының оңтүстік-шығысында су тасқыны салдарынан 300 адам көз жұмды.

Табиғат апатына өткен аптадан бері толастамай тұрған нөсер себеп. Мамандар кейінгі 60 жылда жауын-шашынның мұндай рекордты мөлшері жаумағанын айтады. Бұл климаттың өзгеруімен байланысты болуы мүмкін. Синоптиктер нөсер әлі басылмайды дейді. Өңірде 6 мыңнан аса ғимаратқа нұқсан келді. Ондаған көпір бүлінген. Жолдарды су шайып кеткен. Біраз ауданда жарық жоқ. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Билік құрбандар саны әлі артуы мүмкін дейді.