Ресей азаматы украиналық қызға үйленді   

Ресей азаматы украиналық қызға үйленді   

Олардың некесі Мексика мен АҚШ-тың шекарасындағы Тихуана қаласында қиылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос ғашық қарулы қақтығысқа дейін Украинада тұрған. Кейін Мексикаға қашады. Ерлі-зайыптының ендігі мақсаты - АҚШ-қа өту. Ал Америка билігі украиналық азаматтарға босқын мәртебесін бергенімен, ресейліктерге ел аумағына кіруге рұқсат етпейді. Ал қазір қос ғашық мекен етіп отырған Мексика заңгерлері оларды АҚШ үкіметі еш кедергісіз қабылдайды деп сенеді. Наурыз айының аяғында президент Джо Байден биыл 100 мың украиналықты елге кіргізетінін мәлімдеген болатын.

Семен Бобровски, Ресей азаматы:

– Біз басқа елде некемізді қиямыз деп ешқашан ойлаған емеспіз. Украинада үйленеміз деп жоспарлап жүргенбіз. Соғыс болады деген ой мүлде болған емес. Бірақ «жазмыштан озмыш жоқ». Осында болғанымыз үшін бақыттымыз.

Дарина Сахнюк, Украина азаматы:

– Осылай болады деп кім ойлаған. Шексіз бақыттымын. Бізге Мексикада қосылуымызға қол ұшын берген өте жақсы адамдар кездесті.