Таяу Шығыста тәртіпсіздіктен 59 палестиналық зардап шекті

Таяу Шығыста тәртіпсіздіктен 59 палестиналық зардап шекті

 Құдыста Израиль полиция мен Палестина азаматтары қақтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіпсіздіктер салдарынан 59 адам жарақат алған. «Қызыл жарты ай» ұйымының хабарлауынша, зардап шеккендердің бәрі – палестиналықтар. Жанжал «Әл-Ақса» мешітінің жанында арабтар таңғы намаз оқуға келген кезде басталған. Олар тас лақтырып, Израиль тәртіп сақшылары көзге газ шашып, шуды гранаталар тастаған. Әзірге еврей билігі қақтығыс туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, соңғы апталарда аймақтағы жағдай ушығып, бүлік салдарынан 14 адам ажал құшқан.