Тасқын құрбандарының саны артты – ОАР

Тасқын құрбандарының саны артты – ОАР

Оңтүстік Африка Республикасында тасқыннан көз жұмғандар қатары 341-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаралы хабарды «Ассоушиәтед Пресс» агенттігі жариялады. Ел билігі құрбандар саны әлі артуы мүмкін деп қауіптенеді, себебі бірнеше рет ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды іздеп-табуға сарбаздар тартылды. Сарапшылар қазірдің өзінде экономикаға 52 миллион доллар шығын келді дейді. Метеорологтар жауын-шашын апта соңына дейін жалғасады деп болжайды.

Лай көшкіні ана жақтан келіп, үйімді ағызып әкетті. Тірі қалғанымызды олжа көріп тұрмыз. Баспанасыз қалдық. Бірнеше күн болды, ұйқы жоқ.