Суға батып кеткен «Мәскеу» крейсерінің экипажы көрсетілді

Ресей Қорғаныс министрлігі сәуірдің 14-і күні Қара теңізде батып кеткен Мәскеу крейсерінің экипажын алғаш рет көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнежазбада Ресей әскери теңіз флотының адмиралы Николай Евменов теңізшілермен Севастопольде кездесуі бейнеленген. Осылайша Ресей кеме экипажы суға батып кетті деген қауесетті жоққа шығарды. Евменовтің айтуынша, теңізшілер флоттағы қызметін атқара береді. Еске сала кетйік, сәуірдің 14-і күні Қара теңіздегі «Мәскеу» крейсерінде өрт шыққаны хабарланып, артынан кеме суға батып кетеді. Бірақ Одесса облысының басшысы крейсерді украиналық күштер зымыранмен атып түсіргенін мәлімдеді. Ақпарға қарағанда оқиғадан кемедегі 40 теңізші қаза тауып, көбі жарақат алған.