Украина билігі Халықаралық валюта қорымен келіссөз жүргізді

Киевте Халықаралық валюта қорымен соғыстан кейін елді қалпына келтіру және қаржылай көмек көрсету жайында келіссөз өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы президент Владмимр Зеленский мәлімдеді. Оның айтуынша, кездесу барысында Халықаралық ұйымның елге нақты көмек жоспарлары талқыланған. Кейін жергілікті ақпарат құралдары президент Зеленский «Үлкен жетіліктен» қарулы қақтығыстан мемлекет бюджетінің дефицитін жабу үшін 50 миллиард доллар сұрады деп хабарлады. Айта кетейік, өткен аптада Халықаралық валюта қоры Украинаға шұғыл қаржылай көмектің көлемін ұлғайтқанын жария еткен еді.