Мариуполь Ресей әскерінің қоршауында қалып отыр

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей тарапымен қаладан бейбіт тұрғындар мен украиналық жауынгерлерді эвакуациялау бойынша арнайы келіссөз өткізуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Мариупольде 100 мыңдай бейбіт адам қалып отыр. Алдыңғы күні Ресей тарапы қаладан 6 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялау үшін қауіпсіз дәліз ашуға келіскен. Бірақ Донецк облысының губернаторы Павел Кириленконың айтуынша, жоспарланғаннан аз адам шығарылған. 

– Запоржьедегі сіңіліме бармақпыз. Қаланы аяусыз атқылады, 30 күн бойы жертөледе отырдық.

– Біз баламызға барамыз. Ол мені күтіп отыр. Онда ұлыммен бірге келінім бар.

Айта кетейік, Ресей әскері Мариупольді наурыздың 1-і күні қоршауға алған болатын. Ресей Қорғаныс министрлігі қаладағы Украина жасақтарына үш рет берілуге шақырғанмен, қарсылықтарын жалғастыруда. Жақында Ресей күштері Украина жасақтары жасырынған «Азовсталь» зауытын әуеден соққы бере бастады. Шаһардағы «Азов» полкінің командирі Святослав Паламбарьдің айтуынша, кәсіпорын кешені толықтай талқандалған.