Ресейді әлемдік экономикада Индонезия басып озады – ХВҚ

Ресей 2024 жылға таман әлемдік экономикадағы үлесі азайып, Индонезия оны басып озатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық валюта қоры осылай деп болжап отыр. Себебі Халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, санкциялардан Ресейдің ішкі жалпы өнімінің әлемдік үлесі 2 жарым процентке азайып, кері әсер етпек. Ал Ресей 2021 жылғы әлем экономикасы рейтингісі бойынша Қытай, АҚШ, Үндістан, Жапония және Германиядан кейін алтыншы орынды иеленген. Индонезия Ресейден кейін 7-орында тұрған.