Түркияда тұрғын үйге ұшақ құлады

Түркияның Бурса провинциясында жеңіл моторлы ұшақ тұрғын үйге құлап, борттағы 2 ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, үй тұрғындары дін аман. Дегенмен жақын орналасқан көліктерге зақым тиген. Алдын ала болжам бойынша апат ұшақтың оқу-жаттығу барысында болған. Қазір төтенше жағдай дерегі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Әуе апатының нақты себебі анықталып жатыр. Бір апта бұрын тап осы Бурса провинциясында тергеу изоляторының қызметкерлері мінген автобус жарылып, 1 кісі қаза тапқан болатын.